Құрмет қонақ үйі
Біз сіз үшін жақсарамыз!
Қонақ үй қаланың тарихи орталығында Н.Назарбаев даңғылынан бірер минут жерде орналасқан. Орал – белгілі тарихи тұлғалар сапармен келген ескі қалалардың бірі. Жұмыстан бос уақытыңызда қонақ үйге жақын орналасқан қаланың келесі көрікті жерлеріне баруыңызға болады: облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, А.С.Пушкин мұражайы, М.Маметова мұражай-үйі, С.Ғұмаров мұражайы, Х.Бөкеева атындағы Қазақ драма театры, А.Островский атындағы Орыс драма театры, Христос Спаситель шіркеуі, қалалық мәдениет және демалыс саябағы және т.б. Сонымен қатар жаяу қашықтықта сауда орталықтарын, дүкендер, бизнес-орталықтар, банкілер, кофеханалар, мейрамханалар мен саябақтарды таба аласыз.