Құрмет қонақ үйі
«Құрмет» қонақ үйі туралы
Қонақ үйде түрлі дәрежелі 47 бөлме бар: стандарт, делюкс және люкс. Әркім өз қалауына сәйкес бөлмелерді таңдай алады: бір немесе екі адамдық бөлме, көше немесе аула көрінісі бар бөлме, бір және екі адамдық бөлек керуеттері бар бөлме.
Барлық нөмірлер дәрежесіне қарамастан заманауи қызмет көрсету стандарттарына сай жабдықталған: әр нөмірде жуыну бөлмесі немесе душ, жазық экранды теледидар, телефон, тоңазытқыш және жуыну бөлмесі керек-жарақтары жабдықталған.
Қонақ үйдің төменгі қабатында мейрамхана бар, онда 7:00-ден 10:00-ге дейін таңғы асқа «швед үстелі», 12:00-ден 15:00-ге дейін қонақтарға түскі ас ұсынылады, 17:30-дан 21:30-ға дейін кешкі ас беріледі.
Қонақ үйде семинар, мастер-класстар, мәжіліс және басқа да шаралар өткізуге арналған бір конференц-залы бар.
Сонымен қатар, қонақ үйде сауна бар.
Құрмет қонақ үйі
Қонақ үйде тұру ережелері
Қонақтарды қонақ үйге орналастыру жергілікті уақытпен 14.00-ден бастап жүзеге асырылады. Есептесу уақыты (қонақ үйден шығу уақыты) жергілікті уақытпен 12:00. Қонақ мерзімі аяқталғаннан кейін, есептесу уақытынан кешіктірмей бөлмені босатып, заттарын шығаруға міндетті.
Тұру мерзімін ұзартқан жағдайда, қонақ бұл туралы қабылдау және орналастыру әкімшілігіне жергілікті уақытпен 10:00-ге дейін есептесу уақытынан 2 сағат бұрын кешіктірмей хабарлауы керек. Орналасқан бөлмеде тұруды ұзарту үшінші тұлғалардың атына бекітілген бронь болмаса ғана мүмкін болады.
Құрмет қонақ үйі
Мерзімінен бұрын келу және кеш шығу
Қонақ 00:01-ден қызмет көрсетудің белгіленген есептесу уақытына дейін (мерзімінен бұрын келу) орналастырғанда, бос орындар болған және бір тәуліктен кем уақыт тұрған жағдайда – қонақтан келу күнінің белгіленген есептесу уақытына дейін тұру үшін жарты тәуліктік төлем мөлшерінде төлемақы алынады. Алдын-ала броньсыз орналастырылған және (немесе) бір тәуліктен кем тұрған жағдайда қонақтан бір тәулік үшін төлемақы алынады.
Қонақ келу уақытынан кейін орналастырылған және келесі күні есептесу уақытына дейін шыққан жағдайда (тұру мерзімі бір тәуліктен кем) тұру үшін одан бір тәуліктік тұру құнының 100% мөлшерінде төлемақы алынады
Қонақ келудің белгіленген уақытына дейін (жергілікті уақытпен 00:01-ден 14.00-ге дейін) орналастырылған және келесі күні есептесу уақытына дейін (жергілікті уақытпен 12:00-ге дейін) шыққан жағдайда тұру үшін одан бір жарым тәуліктік тұру құны мөлшерінде төлемақы алынады.
Қонақ қонақ үйде кідіріп қалған жағдайда, ол келесі тәртіпте төлемақыны төйлейді:
- 18.00-ге дейін – 5000 теңге
- 18:00-ден 00:00-ге дейін – бір тәулік тұру құнының 50 %;
- 00:00-ден кейін — бір тәулік тұру үшін төлем.